Жарықтылық пен контрастты баптау
Кейбір сканерлер пайдаланушыға сканерлеу кезінде жарықтылық пен контрастты реттеуге мүмкіндік береді. Егер сканерленген суреттер тым күңгірт немесе тым ашық болса, бұл баптауларды реттей аласыз:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Сапа бөлімінде Жарықтылық және/немесе Контраст жүгірткілерін сүйреңіз.
-
Сұхбат терезесін жабыңыз.
