Бетті бұру

Беттің бұрылуын оны сканерлеуге дейін де, кейін де өзгертуге болады. Қазіргі уақытта бетті бұрудың төрт жолы бар:

Сайман панелін пайдалану

  1. Бұрғыңыз келетін бетті бір рет шерту арқылы таңдаңыз.

  2. Бетті қажетті бағытқа бұру үшін сайман панеліндегі бағдаршалардың бірін басыңыз.

Оң жақ шертуді пайдалану

  1. Бұрғыңыз келетін беттің үстінен оң жақпен шертіңіз.

  2. Солға бұру немесе Оңға бұру таңдаңыз.

Жарлықтарды пайдалану

  1. Бұрғыңыз келетін бетті бір рет шерту арқылы таңдаңыз.

  2. Келесі жарлық пернелерінің бірін басыңыз:

    Команда

    Жарлық пернесі

    Солға бұру

    [ (сол жақ жақша)

    Оңға бұру

    ] (оң жақ жақша)

Әрбір жаңа сканерленген бет алдыңғы бұруды пайдаланады.