Электрондық пошта арқылы жіберу
Ағымдағы құжатты электрондық поштамен жіберу үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Электрондық пошта таңдаңыз. Сонымен қатар, Ctrl+E басуға болады. Сканерленген құжатты тіркеме ретінде қамтитын жаңа хабарламасы бар электрондық пошта бағдарламаңыз ашылады.
Егер құжат түрі "Мәтін" деп орнатылса, электрондық поштада әр бет үшін PDF тіркемесі болады. Керісінше, егер құжат түрі "Сурет" деп орнатылса, электрондық поштада әр бет үшін JPEG тіркемесі болады.
Файл пішімдері туралы қосымша ақпаратты Файлға сақтау бөлімінен қараңыз.