Орындаушыларды пайдаланып, ойнату тізімдерін жасау

Орындаушылар батырмасын шерту арқылы барлық орындаушыларды және олардың әндерін көре аласыз.

Орындаушылар көрінісінде болғанда, жаңа ойнату тізімін жасау үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы таңдау батырмасын шертіңіз.

  2. Әндерін ойнату тізіміне қосқыңыз келетін барлық орындаушыларды таңдаңыз.

  3. Ойнату тізіміне қосу батырмасын шертіңіз.

  4. Жаңа ойнату тізімі батырмасын шертіп, ойнату тізімі үшін атауды теріңіз.

  5. Таңдау батырмасын шертіңіз.

Барлық әндерді таңдау үшін саймандар панеліндегі Элементтерді таңдау үшін оларды шерту ▸ Барлығын таңдау опциясын шертіңіз немесе Ctrl+A пернелерін басыңыз.

Таңдауды тазарту үшін саймандар панеліндегі Элементтерді таңдау үшін оларды шерту ▸ Ештеңені таңдамау опциясын шертіңіз.