Альбомдарды пайдаланып, ойнату тізімін жасау
Альбомдар батырмасын шерту арқылы барлық альбомдарыңызды көре аласыз.
Альбомдағы барлық әндерді қосу үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы таңдау батырмасын шертіңіз.
Альбомдарды таңдаңыз.
Ойнату тізіміне қосу батырмасын шертіңіз.
Жаңа ойнату тізімі батырмасын шертіп, ойнату тізімі үшін атауды теріңіз.
Таңдау батырмасын шертіңіз.
Сондай-ақ белгілі бір әндерден ойнату тізімін жасауға болады.
Альбомнан таңдалған әндерді қосу үшін:
Альбомды шертіңіз.
Таңдау батырмасын шертіңіз.
Әндерді таңдаңыз.
Ойнату тізіміне қосу батырмасын шертіңіз.
Жаңа ойнату тізімі батырмасын шертіп, ойнату тізімі үшін атауды теріңіз.
Таңдау батырмасын шертіңіз.
Барлық әндерді таңдау үшін саймандар панеліндегі Элементтерді таңдау үшін оларды шерту ▸ Барлығын таңдау опциясын шертіңіз немесе Ctrl+A пернелерін басыңыз.
Таңдауды тазарту үшін саймандар панеліндегі Элементтерді таңдау үшін оларды шерту ▸ Ештеңені таңдамау опциясын шертіңіз.