Әндерді пайдаланып, ойнату тізімдерін жасау

Әндер батырмасын шерту арқылы барлық әндерді көре аласыз.

Әндер көрінісінде болғанда, жаңа ойнату тізімін жасау үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы таңдау батырмасын шертіңіз.

  2. Ойнату тізіміне қосқыңыз келетін барлық әндерді таңдаңыз.

  3. Ойнату тізіміне қосу батырмасын шертіңіз.

  4. Жаңа ойнату тізімі батырмасын шертіп, ойнату тізімі үшін атауды теріңіз.

  5. Таңдау батырмасын шертіңіз.

Барлық әндерді таңдау үшін саймандар панеліндегі Элементтерді таңдау үшін оларды шерту ▸ Барлығын таңдау опциясын шертіңіз немесе Ctrl+A пернелерін басыңыз.

Таңдауды тазарту үшін саймандар панеліндегі Элементтерді таңдау үшін оларды шерту ▸ Ештеңені таңдамау опциясын шертіңіз.