Неліктен менің планшетім белгісіз?

GNOME планшетті басу, еңкейту, бейнеленетін батырмалар және т.б. сияқты дұрыс мүмкіндіктермен инициализациялауы үшін, ол алдымен қандай мүмкіндіктер бар екенін білуі керек. Бұл ақпарат құрылғылармен қамтамасыз етілмейді, бірақ libwacom кітапханасы ұсынатын статикалық құрылғылар дерекқорында болады. Құрылғылар осы дерекқорға жеке-жеке қосылуы керек, сондықтан олар сіздің дистрибутивіңіз ұсынатын libwacom нұсқасында әлі қолжетімсіз болуы мүмкін.

Егер планшетке libwacom тарапынан қолдау көрсетілмесе, GNOME қандай мүмкіндіктердің бар екенін біле алмайды. Содан кейін GNOME әдепкі бойынша планшетті шығыс құрылғыларының біріне орнатылған (егер қолжетімді болса, кірістірілгеніне) және оның сыртқы батырмалары жоқ деп есептейді. Қалам (стилус) сайманы әдепкі бойынша стандартты екі батырмалы сайманға орнатылады. Бұл әдетте планшеттің функционалдығына аз әсер етеді, бірақ ол планшетті баптауды шектейді.

Құрылғыны қалай қосу керектігі туралы нұсқауларды libwacom репозиторийіндегі нұсқаулардан қараңыз.