Стилусты баптау
Әрекеттер шолуын ашып, Wacom планшеті деп тере бастаңыз.
-
Панельді ашу үшін Wacom планшеті батырмасын шертіңіз.
Егер планшет анықталмаса, сізден Wacom планшетін қосу немесе іске қосуды сұрайды. Сымсыз планшетті қосу үшін бүйірлік панельдегі Bluetooth батырмасын шертіңіз.
-
Әрбір стилусқа тән параметрлері бар бөлім бар, оның жоғарғы жағында құрылғы атауы (стилус класы) және диаграмма орналасқан.
Егер стилус табылмаса, сізден Оны баптау үшін стилусты планшетке жақындатыңыз деп сұралады.
Бұл параметрлерді реттеуге болады:
Ұштың басу сезімталдығы: "сезімді" Жұмсақ және Қатты арасында реттеу үшін жүгірткіні қолданыңыз.
Батырма/айналдыру дөңгелегін баптау (бұлар стилусқа байланысты өзгереді). Келесі функциялардың бірін таңдау үшін әрбір белгінің қасындағы мәзірді шертіңіз: тышқанның сол жақ батырмасын шерту, тышқанның ортаңғы батырмасын шерту, тышқанның оң жақ батырмасын шерту, артқа немесе алға.
Стилус параметрлерін тексеруге болатын нобай тақтасын ашу үшін жоғарғы колонтитулдағы Параметрлерді тексеру батырмасын шертіңіз.