Планшет батырмаларын сәйкестендіру

Планшеттегі аппараттық батырмаларды әртүрлі функциялар үшін баптауға болады.

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Wacom планшеті деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Wacom планшеті батырмасын шертіңіз.

    Егер планшет анықталмаса, сізден Wacom планшетін қосу немесе іске қосуды сұрайды. Сымсыз планшетті қосу үшін бүйірлік панельдегі Bluetooth батырмасын шертіңіз.

  3. Батырмаларды сәйкестендіру батырмасын шертіңіз.

  4. Экрандық дисплейде планшет батырмаларының жаймасы көрсетіледі. Планшеттегі әрбір батырманы басып, мына функциялардың бірін таңдаңыз:

    • Қолданбамен анықталған

    • Экрандық көмекті көрсету

    • Мониторды ауыстыру

    • Пернені басуды жіберу

  5. Әрбір батырма бапталған кезде Дайын батырмасын шертіңіз және шығу үшін Esc пернесін басыңыз.