Арнайы таңбаларды енгізу

Сіз әлемдегі жазу жүйелерінің көпшілігінен мыңдаған таңбаны, тіпті пернетақтаңызда жоқ таңбаларды да енгізе және көре аласыз. Бұл бетте арнайы таңбаларды енгізудің бірнеше әдісі көрсетілген.

Таңбалар

Таңбалар картасы қолданбасы таңбалар категорияларын шолу немесе кілт сөздерді іздеу арқылы сирек кездесетін таңбаларды, соның ішінде эмодзилерді табуға және кірістіруге мүмкіндік береді.

Сіз Таңбалар қолданбасын Әрекеттер көрінісінен іске қоса аласыз.

Эмодзи

Эмодзи кірістіру

  1. Ctrl+; пернелерін басыңыз.

  2. Сұхбат терезесінің төменгі жағындағы категорияларды шолыңыз немесе іздеу өрісіне сипаттамасын жаза бастаңыз.

  3. Кірістіру үшін эмодзи таңдаңыз.

Композициялық перне

Композициялық перне — бұл арнайы таңбаны алу үшін бірнеше пернені қатар басуға мүмкіндік беретін арнайы перне. Мысалы, екпінді é әрпін теру үшін композициялық перне, содан кейін ', сосын e пернелерін баса аласыз.

Пернетақталарда арнайы композициялық пернелер болмайды. Оның орнына пернетақтаңыздағы бар пернелердің бірін композициялық перне ретінде анықтай аласыз.

Композициялық пернені анықтау

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  2. Баптаулар үстінен шертіңіз.

  3. Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Пернетақта тармағын шертіңіз.

  4. Арнайы таңбаларды теру бөлімінде Композициялық перне батырмасын шертіңіз.

  5. Композициялық перне үшін ауыстырып-қосқышты қосыңыз.

  6. Композициялық перне ретінде орнатқыңыз келетін перненің құсбелгісін қойыңыз.

  7. Сұхбат терезесін жабыңыз.

Композициялық перненің көмегімен көптеген кең таралған таңбаларды теруге болады, мысалы:

  • композициялық перне, содан кейін ', сосын әріпті бассаңыз, сол әріптің үстіне é сияқты акут белгісі қойылады.

  • композициялық перне, содан кейін ` (кері апостроф), сосын әріпті бассаңыз, сол әріптің үстіне è сияқты гравис белгісі қойылады.

  • композициялық перне, содан кейін ", сосын әріпті бассаңыз, сол әріптің үстіне ë сияқты умлаут белгісі қойылады.

  • композициялық перне, содан кейін -, сосын әріпті бассаңыз, сол әріптің үстіне ē сияқты макрон белгісі қойылады.

Көбірек композициялық пернелер тізбегін Wikipedia-дағы композициялық пернелер бетінен қараңыз.

Кодтық нүктелер

Кез келген Юникод таңбасын тек пернетақтаның және таңбаның сандық кодтық нүктесінің көмегімен енгізуге болады. Әрбір таңба төрт таңбалы кодтық нүктемен анықталады. Таңбаның кодтық нүктесін табу үшін оны Таңбалар қолданбасынан қараңыз. Кодтық нүкте — бұл U+ белгісінен кейінгі төрт таңба.

Таңбаны оның кодтық нүктесі бойынша енгізу үшін Ctrl+Shift+U пернелерін басып, төрт таңбалы кодты теріңіз де, Бос орын немесе Enter пернесін басыңыз. Егер басқа әдістермен қол жеткізу қиын таңбаларды жиі қолдансаңыз, оларды жылдам енгізу үшін сол таңбалардың кодтық нүктелерін есте сақтаған пайдалы болуы мүмкін.

Пернетақта жаймалары

Пернелерде басылған әріптерге қарамастан, пернетақтаңызды басқа тілдегі пернетақта сияқты жұмыс істете аласыз. Тіпті жоғарғы панельдегі таңбаша арқылы әртүрлі пернетақта жаймалары арасында оңай ауыса аласыз. Мұны қалай жасау керектігін Басқа пернетақта жаймаларын пайдалану бөлімінен қараңыз.

Енгізу әдістері

Енгізу әдісі таңбаларды тек пернетақтамен ғана емес, сонымен қатар кез келген енгізу құрылғыларымен де енгізуге мүмкіндік беріп, алдыңғы әдістерді кеңейтеді. Мысалы, ым-ишара әдісін қолданып тышқанмен таңбаларды енгізуге немесе латын пернетақтасын қолданып жапон таңбаларын енгізуге болады.

Енгізу әдісін таңдау үшін мәтіндік виджеттің үстінен оң жақ батырмамен шертіп, Енгізу әдісі мәзірінен пайдаланғыңыз келетін енгізу әдісін таңдаңыз. Әдепкі енгізу әдісі қарастырылмаған, сондықтан оларды пайдалану жолын енгізу әдістерінің құжаттамасынан қараңыз.