Іздеу нәтижелерін реттеу

Жалпы іздеуде әрбір қолданбаның іздеу нәтижелерінің шығу ретін баптау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Іздеу сөзін теріңіз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Іздеу тармағын таңдаңыз. Бұл Іздеу панелін ашады.

  3. Ретті өзгерту үшін Іздеу нәтижелері астындағы әрбір қолданбаның сол жағындағы өңдеу таңбашасын басып, сүйреңіз. Сонымен қатар, Іздеу нәтижелері астындағы әрбір қолданбаның оң жағындағы таңбашаны шертіп, оны рет бойынша жоғары немесе төмен жылжыту үшін Жоғары жылжыту немесе Төмен жылжыту батырмасын шертіңіз.

    GNOME Shell іздеу нәтижелерін реттеу