Файлдық жүйе орындарын іздеуді баптау

Іс-әрекеттер шолуынан қай файлдық жүйе орындарында іздеу жүргізуге болатынын таңдау үшін келесі қадамдардың ізімен жүріңіз:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Іздеу сөзін теріңіз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Іздеу тармағын таңдаңыз. Бұл Іздеу панелін ашады.

  3. Іздеу орындары батырмасын шертіңіз.

  4. Бастапқы орындар астындағы кез келген файлдық жүйе орнын қосыңыз немесе сөндіріңіз.

Іздеу нәтижелеріне пайдаланушылық файлдық жүйе орнын қамту үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Жоғарыдағы 1-3 қадамдарды орындаңыз.

  2. Пайдаланушылық орындар астында + Орынды қосу батырмасын шертіңіз.

  3. Іздеу нәтижелеріне қамтығыңыз келетін файлдық жүйе орнын таңдаңыз.

  4. Таңдау батырмасын шертіңіз.