Тышқан мен тачпад жылдамдығын реттеу
Егер тышқанды жылжытқанда немесе тачпадты пайдаланғанда курсор тым жылдам немесе баяу қозғалса, осы құрылғылар үшін курсор жылдамдығын реттеуге болады.
Әрекеттер шолуын ашып, Тышқан және тачпад деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Тышқан және тачпад үстінен шертіңіз.
Курсор жылдамдығы жүгірткісін курсордың қозғалысы өзіңізге ыңғайлы болғанша реттеңіз. Кейде бір құрылғы түрі үшін ең ыңғайлы параметрлер екіншісі үшін тиімді болмауы мүмкін.
Тачпад бөлімі жүйеде тачпад болған жағдайда ғана көрінеді, ал Тышқан бөлімі тышқан қосылған кезде ғана көрінеді.