GNOME-ның қай нұсқасы орындалып жатқанын анықтау
Жүйеңізде орындалып жатқан GNOME нұсқасын Баптаулар ішіндегі Туралы панеліне өту арқылы анықтауға болады.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Туралы таңдаңыз.
Жүйе мәліметтері таңдаңыз.
Жүйеңіз туралы ақпаратты, соның ішінде дистрибутив атауын және GNOME нұсқасын көрсететін терезе пайда болады.