Контактілерді алғаш рет іске қосу
Контактілер қолданбасын алғаш рет іске қосқан кезде Адрес кітапшасын таңдау терезесі ашылады.
Егер сізде бапталған желідегі тіркелгілер болса, олар Жергілікті адрес кітапшасымен бірге тізімделеді. Тізімнен элементті таңдап, Дайын батырмасын басыңыз.
Сіз жасаған барлық жаңа контактілер таңдалған адрес кітапшасына сақталады. Сондай-ақ басқа адрес кітапшаларындағы контактілерді көруге, түзетуге және өшіруге болады.
Егер желідегі тіркелгілер бапталмаған болса, баптауды бастау үшін Желідегі тіркелгілер батырмасын басыңыз. Қазір желідегі тіркелгілерді баптағыңыз келмесе, Жергілікті адрес кітапшасы батырмасын басыңыз.