Әлемдік сағатты қосу
Басқа қалалардың уақытын қосу үшін Сағаттар қолданбасын пайдаланыңыз.
Бұл үшін Сағаттар қолданбасының орнатылған болуы қажет.
Дистрибутивтердің көбінде Сағаттар әдепкі бойынша орнатылған болады. Егер сізде олай болмаса, оны дистрибутивтің десте менеджері арқылы орнату қажет болуы мүмкін.
Әлемдік сағатты қосу үшін:
Жоғарғы панельдегі сағатқа шертіңіз.
-
Сағаттар қолданбасын іске қосу үшін күнтізбе астындағы Әлемдік сағаттарды қосу… батырмасына шертіңіз.
Егер сізде бір немесе бірнеше әлемдік сағат болса, біреуіне шертіңіз, сонда Сағаттар іске қосылады.
Жаңа қала қосу үшін Сағаттар терезесінде + батырмасына шертіңіз немесе Ctrl+N пернелерін басыңыз.
Іздеу өрісіне қала атын тере бастаңыз.
Тізімнен дұрыс қаланы немесе өзіңізге ең жақын жерді таңдаңыз.
Қаланы қосуды аяқтау үшін Қосу батырмасын басыңыз.
Сағаттар қолданбасының мүмкіндіктері туралы көбірек білу үшін Сағаттар көмегіне жүгініңіз.