Күнтізбе кездесулері

Бұл үшін Evolution немесе Күнтізбе қолданбасынан күнтізбені пайдалану немесе Күнтізбе қолдайтын онлайн тіркелгіні орнату қажет.

Көптеген дистрибутивтерде бұл бағдарламалардың кем дегенде біреуі әдепкі бойынша орнатылған болады. Егер сізде жоқ болса, оны дистрибутивтің десте менеджері арқылы орнату қажет болуы мүмкін.

Кездесулеріңізді көру үшін:

  1. Жоғарғы жолақтағы сағаттың үстінен шертіңіз.

  2. Күнтізбемен кездесулеріңізді көргіңіз келетін күнді шертіңіз.

    Кездесуі бар әрбір күннің астында нүкте көрсетіледі.

    Қолданыстағы кездесулер күнтізбенің сол жағында көрсетіледі. Кездесулер Evolution күнтізбесіне немесе Күнтізбе қолданбасына қосылған сайын, олар сағаттың кездесулер тізімінде пайда болады.

Сағат, күнтізбе және кездесулер