16-Puzzle

16-Puzzle — бұл Taquin бағдарламасының пазл нұсқасы. Оны кез келген уақытта Бастау экранынан бастауға болады.

Ойын барысы

Мақсат — барлық плиткаларды өз орындарына жылжыту.

Сіз қатардың немесе бағанның барлық плиткаларын бір бағытта жылжытасыз. Ойын алаңынан итеріп шығарылған плитка қатардың немесе бағанның қарама-қарсы жағына орналастырылады.

Ойынның аяқталуы

Ойын аяқталғанда Taquin сізге хабарлайды және толық суретті көрсетеді.

Бастау экранына өту үшін тақырыптама жолағындағы Жаңа ойын батырмасын шертуге болады. Сондай-ақ, жасалған әрекеттер саны бар батырманы, содан кейін Қайта бастау тармағын шерту арқылы ойынды қайта бастауға болады.

Тышқанмен қалай ойнауға болады

Жүріс жасау үшін:

  1. Ойын алаңының айналасында көрсетілген бағдаршалардың бірін шертіңіз. Соңында осы бағдарша тұрған қатар немесе баған сол бағытқа жылжиды, ал бағдаршаның қасында болған плитка қарама-қарсы жаққа орналастырылады.

  2. Жүрісті әрқашан болдырмауға болады. Ол үшін тақырыптама жолағындағы жасалған әрекеттер саны бар батырманы шертіп, ашылған мәзірдегі Болдырмау тармағын шертіңіз.

Ағымдағы ойынды аяқтаған-аяқтамағаныңызға қарамастан:

  1. Жаңа ойынды (басқа опциялармен болуы мүмкін) бастау үшін Бастау экранына өту мақсатында тақырыптама жолағындағы Жаңа ойын батырмасын шертіңіз.

  2. Сонымен қатар, ойынды қайта бастауға болады. Ол үшін тақырыптама жолағындағы жасалған әрекеттер саны бар батырманы шертіп, ашылған мәзірдегі Қайта бастау тармағын шертіңіз.

Сондай-ақ пернетақтаны қолдануға болады.

Пернетақтамен қалай ойнауға болады

Жүріс жасау үшін:

  1. Таңдалған бағанды өзгерту үшін Солға және Оңға бағдаршаларын, ал таңдалған қатарды өзгерту үшін Жоғары және Төмен бағдаршаларын қолданыңыз. Қазіргі таңдалған қатар мен баған ойын алаңының айналасындағы шамдармен көрсетіледі.

    Таңдалған қатарды айналдыру үшін Shift+Солға және Shift+Оңға тіркесін, немесе таңдалған бағанды айналдыру үшін Shift+Жоғары және Shift+Төмен тіркесін қолданыңыз.

  2. Жүрісті әрқашан болдырмауға болады. Ол үшін Ctrl+Z тіркесін қолданыңыз.

Ағымдағы ойынды аяқтаған-аяқтамағаныңызға қарамастан:

  1. Жаңа ойынды (басқа опциялармен болуы мүмкін) бастау үшін Бастау экранына өту мақсатында Ctrl+N тіркесін қолданыңыз.

  2. Сонымен қатар, ойынды қайта бастауға болады. Ол үшін Shift+Ctrl+N тіркесін қолданыңыз.

Сондай-ақ тышқанды қолдануға болады.