Бастау

Taquin бірінші рет ашылғанда, ол дәстүрлі 15-Puzzle ойынын көрсетеді.

Ойын тышқан көмегімен ойналады. Жүріс жасау үшін:

  1. Бос орынмен бір қатарда немесе бағанда орналасқан плитканы шертіңіз.

    Егер сіз жылжытуға келмейтін плитканы шертсеңіз, бағдарлама жүрістің мүмкін еместігін хабарлайды.

  2. Жүрісті әрқашан болдырмауға болады. Ол үшін тақырыптама жолағындағы жасалған әрекеттер саны бар батырманы шертіп, ашылған мәзірдегі Болдырмау тармағын шертіңіз.

  3. Ағымдағы ойынды аяқтаған-аяқтамағаныңызға қарамастан, жаңа ойынды бастау үшін Бастау экранына өту мақсатында тақырыптама жолағындағы Жаңа ойын батырмасын шертіңіз.

Егер қаласаңыз, пернетақтамен де ойнай аласыз.

Бірінші рет ашылғаннан кейін, Taquin келесі ашылғанда соңғы ойналған ойынның ережелері мен өлшемдері бар пазлды көрсетеді, сондықтан бұл 16-Puzzle ойыны болуы мүмкін.