15-Puzzle

15-Puzzle — бұл Taquin бағдарламасының бастапқы пазлы. Ол бағдарлама бірінші рет ашылғанда көрсетіледі. Оны кез келген уақытта Бастау экранынан бастауға болады.

Ойын барысы

Мақсат — барлық плиткаларды өз орындарына жылжыту.

Ойын алаңында бос орын бар, оған іргелес плиткаларды итеру арқылы жылжытуға болады. Бос орын бағытында бір уақытта бірнеше плитканы итеруге болады.

Ойынның аяқталуы

Ойын аяқталғанда Taquin сізге хабарлайды және толық суретті көрсетеді.

Бастау экранына өту үшін тақырыптама жолағындағы Жаңа ойын батырмасын шертуге болады. Сондай-ақ, жасалған әрекеттер саны бар батырманы, содан кейін Қайта бастау тармағын шерту арқылы ойынды қайта бастауға болады.

Тышқанмен қалай ойнауға болады

Жүріс жасау үшін:

  1. Бос орынмен бір қатарда немесе бағанда орналасқан плитканы шертіңіз.

    Егер сіз жылжытуға келмейтін плитканы шертсеңіз, бағдарлама жүрістің мүмкін еместігін хабарлайды.

  2. Жүрісті әрқашан болдырмауға болады. Ол үшін тақырыптама жолағындағы жасалған әрекеттер саны бар батырманы шертіп, ашылған мәзірдегі Болдырмау тармағын шертіңіз.

Ағымдағы ойынды аяқтаған-аяқтамағаныңызға қарамастан:

  1. Жаңа ойынды (басқа опциялармен болуы мүмкін) бастау үшін Бастау экранына өту мақсатында тақырыптама жолағындағы Жаңа ойын батырмасын шертіңіз.

  2. Сонымен қатар, ойынды қайта бастауға болады. Ол үшін тақырыптама жолағындағы жасалған әрекеттер саны бар батырманы шертіп, ашылған мәзірдегі Қайта бастау тармағын шертіңіз.

Сондай-ақ пернетақтаны қолдануға болады.

Пернетақтамен қалай ойнауға болады

Жүріс жасау үшін:

  1. Жылжытқыңыз келетін плиткаға өту үшін Солға, Оңға, Жоғары және Төмен бағдаршаларын қолданыңыз. Қазір таңдалған плитка ойын алаңының айналасындағы, оның қатары мен бағанының әр жағындағы төрт бағдаршамен көрсетіледі.

    Таңдалған плитканы бос орын бағытына жылжыту үшін Бос орын пернесін қолданыңыз.

    Егер сіз жылжытуға келмейтін плитканы шертсеңіз, бағдарлама жүрістің мүмкін еместігін хабарлайды.

  2. Жүрісті әрқашан болдырмауға болады. Ол үшін Ctrl+Z тіркесін қолданыңыз.

Ағымдағы ойынды аяқтаған-аяқтамағаныңызға қарамастан:

  1. Жаңа ойынды (басқа опциялармен болуы мүмкін) бастау үшін Бастау экранына өту мақсатында Ctrl+N тіркесін қолданыңыз.

  2. Сонымен қатар, ойынды қайта бастауға болады. Ол үшін Shift+Ctrl+N тіркесін қолданыңыз.

Сондай-ақ тышқанды қолдануға болады.