Аударуға көмектесу
GNOME Games интерфейсі мен құжаттамасын бүкіл әлемдегі еріктілер қауымдастығы аударады. Сіз де қатыса аласыз.
Аударманы қажет ететін көптеген тілдер бар.
Аударуды бастау үшін сізге тіркелгі жасау және өз тіліңіздің аудару тобына қосылу қажет. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салу мүмкіндігін береді.
GNOME аудармашыларымен Matrix желісіндегі #i18n:gnome.org немесе irc.libera.chat желісіндегі #gnome-i18n арнасында сөйлесе аласыз. Арнадағы адамдар бүкіл әлемде орналасқан, сондықтан уақыт белдеулеріндегі айырмашылықтарға байланысты жауап бірден келмеуі мүмкін.
Сонымен қатар, Интернационализация тобымен GNOME Discourse арқылы байланысуға болады.
