Қалай ойнау керек

Жаңа ойынды бастау үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Жаңа ойын тармағын таңдаңыз.

Тышқанды пайдалану

  1. Жылжытқыңыз келетін объектіні шертіңіз. Таңдалған объект айнала бастайды.

  2. Мақсатты ұяшықты шертіңіз. Егер ашық жол болса, таңдалған объект мақсатты ұяшыққа ауысады.

Пернетақтаны пайдалану

  1. Кез келген бағдарша пернесін басыңыз. Тақтада ұяшықтың айналасында жиек пайда болады.

  2. Бағдарша пернелерін және Home, End, PageUp және PageDown пернелерін пайдаланып, жылжытқыңыз келетін объектіге өтіңіз.

  3. Объектіні таңдау үшін Enter, Бос орын немесе Return пернесін басыңыз. Таңдалған объект айнала бастайды.

  4. Мақсатты ұяшыққа өтіп, Enter, Бос орын немесе Return пернесін қайтадан басыңыз. Егер ашық жол болса, таңдалған объект мақсатты ұяшыққа ауысады.

Видео демонстрация

0:00-:--