Мәселе туралы хабарлау
Five or More бағдарламасын еріктілер қауымдастығы қолдайды. Сіз де қатыса аласыз. Егер мәселе байқасаңыз, қате туралы есеп жібере аласыз. Қате жіберу үшін https://gitlab.gnome.org/GNOME/five-or-more/-/issues/ адресіне өтіңіз.
Бұл — пайдаланушылар мен әзірлеушілер қателер, ақаулар туралы ақпарат бере алатын және жақсартуларды сұрай алатын қателерді қадағалау жүйесі.
Қатысу үшін жүйеге кіруіңіз керек, бұл сізге қол жеткізуге, қателерді тіркеуге және пікір қалдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қатеңіздің күйі туралы электрондық пошта арқылы жаңартуларды алу үшін қолданыстағы тіркелгілердің бірін пайдаланып кіруіңіз немесе жаңа тіркелгі жасауыңыз керек. Егер сізде әлі тіркелгі болмаса және қолжетімді кіру опцияларын пайдаланғыңыз келмесе, жай ғана Тіркелу сілтемесін шертіп, жаңасын жасаңыз.
Тіркелгіңіз болған соң, жүйеге кіріп, Жобалар ▸ five-or-more ▸ Мәселелер ▸ Жаңа мәселе тармағын шертіңіз. Қате туралы хабарламас бұрын, қате жазу бойынша нұсқаулықтарды оқып шығыңыз және қате бұрыннан бар-жоғын білу үшін оны шолу арқылы тексеріңіз.
Тақырып пен Сипаттама бөлімдерін толтырып, Мәселені жіберу батырмасын шертіңіз.
Есебіңізге ID нөмірі беріледі және оның күйі өңделу барысында жаңартылып отырады.
