Стратегия
Five or More үшін әмбебап стратегия жоқ, бірақ кейбір стратегиялық элементтер бар. Ойнау барысында келесі жайттарды ескеруге тырысыңыз:
Әрбір жүріс сайын кем дегенде үш бірдей объектіні орналастыруға тырысыңыз.
Тақта объектілерге тез толып кетуі мүмкін, сондықтан алдын ала ойлаған дұрыс. Келесі объектілер жинағына назар аударыңыз, өйткені оларды білу жүрістеріңізге әсер етеді.
5-тен көп объектіні бір сызыққа қоюға тырысыңыз. Мысалы, егер сізде 6 объект болса, 2 және 3 объектіні арасына бос орын қалдырып тізіп, содан кейін алтыншы объектіні олардың арасына қою арқылы біріктіре аласыз.
