Compose пернесін іске қосу
Compose пернесін іске қосу және пернетақтаңыздағы белгілі бір пернені Compose пернесі ретінде конфигурациялау үшін org.gnome.desktop.input-sources.xkb-options GSettings кілтін орнатыңыз. Осылайша, баптау жүйеңіздегі барлық пайдаланушылар үшін үнсіз келісім бойынша іске қосылады.
Оң жақ Alt пернесін Compose пернесі ретінде орнату
-
Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:
/etc/dconf/profile/user
user-db:user system-db:locallocal — бұл dconf дерекқорының аты.
Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.
-
/etc/dconf/db/local.d/00-input-sources ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін local дерекқорын жасаңыз:
[org/gnome/desktop/input-sources] # Оң жақ Alt пернесін Compose пернесі ретінде орнату және оны іске қосу xkb-options=['compose:ralt']Егер оң жақ Alt пернесінен басқа пернені орнатқыңыз келсе, ralt мәнін xkeyboard-config(7) man бетінің Position of Compose key бөлімінде көрсетілген сол перненің атымен алмастырыңыз.
-
Пайдаланушы баптауын қайта анықтаңыз және оны өзгертуіне /etc/dconf/db/local.d/locks/input-sources ішінде жол бермеу:
# Іске қосылған XKB опцияларының тізімін құлыптау /org/gnome/desktop/input-sources/xkb-options -
Жүйелік дерекқорларды жаңарту:
# dconf update Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.