Неліктен мен GSettings қайта анықтауларын пайдаланбауым керек?
GSettings қайта анықтаулары дистрибутивтер тарапынан GNOME жұмыс үстелі мен қолданбаларының үнсіз келісім баптауларын реттеу үшін пайдаланылады. dconf қайта анықтаулары жүйелік әкімшілерге GNOME жұмыс үстелі мен қолданбаларының үнсіз келісім баптауларын реттеу және міндетті баптауларды орнату үшін жасалған.
Вендорлық қайта анықтаулар (vendor overrides) дегеніміз не?
Үнсіз келісім мәндері қолданба орнатқан схемаларда анықталады. Кейде вендор немесе дистрибьютор үшін бұл үнсіз келісім мәндерін реттеу қажет болады.
Схеманың XML бастапқы кодын патчтау ыңғайсыз және қателіктерге бейім болғандықтан, glib-compile-schemas вендорлық қайта анықтау файлдарын оқиды. Бұл XML схемасының бастапқы кодтары орналасқан бумадағы үнсіз келісім мәндерін қайта анықтай алатын кілттік файлдар.