GNOME Shell кеңейтулері дегеніміз не?
GNOME Shell кеңейтулері үнсіз келісім бойынша GNOME Shell интерфейсін және оның терезелерді басқару және қолданбаларды іске қосу сияқты бөліктерін баптауға мүмкіндік береді.
Әрбір GNOME Shell кеңейтуі бірегей идентификатор — uuid арқылы анықталады. uuid сонымен қатар кеңейту орнатылған буманың атауы үшін қолданылады. Кеңейтуді әр пайдаланушы үшін ~/.local/share/gnome-shell/extensions/<uuid> ішіне немесе жүйелік ауқымда /usr/share/gnome-shell/extensions/<uuid> ішіне орнатуға болады.
Орнатылған кеңейтулерді көру үшін GNOME Shell-дің біріктірілген жөндеу және инспектор құралы — Looking Glass пайдалануға болады.
Орнатылған кеңейтулерді көру
Alt+F2 пернелерін басып, lg деп теріңіз және Looking Glass құралын ашу үшін Enter басыңыз.
Орнатылған кеңейтулер тізімін ашу үшін Looking Glass жоғарғы панеліндегі Extensions түймесін шертіңіз.