Жүйелік ауқымдағы кеңейтулерді іске қосу
Кеңейтулерді жүйедегі барлық пайдаланушыларға қолжетімді ету үшін оларды /usr/share/gnome-shell/extensions бумасына орнатыңыз. Жаңадан орнатылған жүйелік ауқымдағы кеңейтулер үнсіз келісім бойынша сөндірулі болатынын ескеріңіз.
Үнсіз келісім бойынша іске қосылған кеңейтулерді орнату үшін org.gnome.shell.enabled-extensions кілтін орнатуыңыз керек. Дегенмен, қазіргі уақытта жүйеге кіріп қойған пайдаланушылар үшін қосымша кеңейтулерді іске қосудың жолы жоқ. Бұл өздерінің GNOME кеңейтулерін орнатып, іске қосқан бұрыннан бар пайдаланушыларға қатысты емес.
org.gnome.shell.enabled-extensions кілтін орнату
-
/etc/dconf/profile/user ішінде user профилін жасаңыз:
user-db:user system-db:local -
/etc/dconf/db/local.d/00-extensions ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін local дерекқорын жасаңыз:
[org/gnome/shell] # Барлық пайдаланушылар үшін іске қосылған болғанын қалайтын барлық кеңейтулерді тізімдеңіз enabled-extensions=['myextension1@myname.example.com', 'myextension2@myname.example.com']enabled-extensions кілті іске қосылған кеңейтулерді кеңейтулердің uuid-і (myextension1@myname.example.com және myextension2@myname.example.com) арқылы көрсетеді.
-
Жүйелік дерекқорларды жаңарту:
# dconf update