Іске қосылған кеңейтулерді құлыптау
GNOME Shell-де org.gnome.shell.enabled-extensions және org.gnome.shell.development-tools кілттерін құлыптау арқылы пайдаланушыға кеңейтулерді іске қосуға немесе сөндіруге тыйым сала аласыз. Бұл пайдаланушы пайдалануы тиіс кеңейтулер жиынтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
org.gnome.shell.development-tools кілтін құлыптау пайдаланушының міндетті кеңейтулерді сөндіру үшін GNOME Shell-дің біріктірілген жөндеу және инспектор құралын (Looking Glass) пайдалана алмайтынына кепілдік береді.
org.gnome.shell.enabled-extensions және org.gnome.shell.development-tools кілттерін құлыптау
-
/etc/dconf/profile/user ішінде user профилін жасаңыз:
user-db:user system-db:local -
/etc/dconf/db/local.d/00-extensions ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін local дерекқорын жасаңыз:
[org/gnome/shell] # Барлық пайдаланушылар үшін іске қосылған болғанын қалайтын барлық кеңейтулерді тізімдеңіз enabled-extensions=['myextension1@myname.example.com', 'myextension2@myname.example.com'] # Looking Glass-қа кіруді сөндіру development-tools=falseenabled-extensions кілті іске қосылған кеңейтулерді кеңейтулердің uuid-і (myextension1@myname.example.com және myextension2@myname.example.com) арқылы көрсетеді.
Looking Glass-қа кіруді сөндіру үшін development-tools кілті false мәніне орнатылған.
-
Пайдаланушы баптауын қайта анықтаңыз және оны өзгертуіне /etc/dconf/db/local.d/locks/extensions ішінде жол бермеңіз:
# Іске қосылған кеңейтулер тізімін құлыптау /org/gnome/shell/enabled-extensions /org/gnome/shell/disabled-extensions /org/gnome/shell/development-tools -
Жүйелік дерекқорларды жаңарту:
# dconf update
org.gnome.shell.enabled-extensions және org.gnome.shell.development-tools кілттерін құлыптағаннан кейін, ~/.local/share/gnome-shell/extensions немесе /usr/share/gnome-shell/extensions ішінде орнатылған, бірақ org.gnome.shell.enabled-extensions кілтінде тізімделмеген кез келген кеңейтулер GNOME Shell тарапынан жүктелмейді, осылайша пайдаланушының оларды пайдалануына жол берілмейді.