Аудармаға көмектесу

GNOME Games интерфейсі мен құжаттамасын бүкіл әлемдегі еріктілер қауымдастығы аударуда. Сіз де қатыса аласыз.

Әлі де аударылуы қажет көптеген тілдер бар.

Аударуды бастау үшін сізге тіркелгі жасап, өз тіліңіздің аудару тобына қосылуыңыз керек. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салуға мүмкіндік береді.

GNOME аудармашыларымен Matrix желісіндегі #i18n:gnome.org немесе irc.libera.chat желісіндегі #gnome-i18n арнасында сөйлесе аласыз. Арнадағы адамдар бүкіл әлем бойынша орналасқан, сондықтан уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты бірден жауап ала алмауыңыз мүмкін.

Сонымен қатар, сіз Интернационализация тобымен GNOME Discourse арқылы байланыса аласыз.