Lights Off ойынын жақсартуға көмектесіңіз

Қате туралы хабарлау немесе жақсартуды ұсыну

Lights Off бағдарламасын еріктілер қауымдастығы қолдайды. Сіз де қатыса аласыз. Егер мәселе байқасаңыз, қате туралы есеп бере аласыз. Қате туралы хабарлау үшін https://gitlab.gnome.org/GNOME/lightsoff/issues сайтына өтіңіз.

Бұл — пайдаланушылар мен әзірлеушілер қателер, істен шығулар туралы мәліметтерді жібере алатын және жақсартуларды сұрай алатын қателерді бақылау жүйесі.

Қатысу үшін сізге қол жеткізуге, қателерді тіркеуге және пікір қалдыруға мүмкіндік беретін тіркелгі қажет. Сондай-ақ, қатеңіздің күйі туралы электрондық пошта арқылы жаңартуларды алу үшін тіркелуіңіз керек. Егер тіркелгіңіз болмаса, оны жасау үшін Sign in/Register сілтемесін шертіп, біреуін жасаңыз.

Тіркелгіңіз болғаннан кейін, жүйеге кіріп, New Issue батырмасын шертіңіз. Қате туралы хабарламас бұрын, қате жазу нұсқаулығын оқып шығыңыз және қате бұрыннан бар-жоғын білу үшін шолыңыз.

Егер сіз жаңа мүмкіндікті сұрасаңыз, Labels мәзірінен Feature тармағын таңдаңыз. Title және Description бөлімдерін толтырып, Submit issue батырмасын шертіңіз.

Есебіңізге ID нөмірі беріледі және ол қаралған сайын оның күйі жаңартылып отырады. Lights Off ойынын жақсартуға көмектескеніңіз үшін рақмет!