Негіздер

Lights Off ойынын пернетақта немесе тышқан көмегімен ойнауға болады.

Пернетақтаны қолдану

  • Тақтаны таңдау үшін бағдарша пернелері арқылы жарықты сол тақтаға апарып, Enter пернесін басыңыз.

  • Тақта таңдалғаннан кейін, ол таңдалған тақтаның және оның диагоналды емес көршілерінің күйін өзгертеді.

Тышқанды қолдану

  • Тақтаны таңдау үшін тышқан курсорын тақтаның үстіне апарып, оны шертіңіз.

  • Тақта таңдалғаннан кейін, ол таңдалған тақтаның және оның диагоналды емес көршілерінің күйін өзгертеді.

Деңгейлер бойынша ілгерілеу

  • Деңгейлер бойынша ілгерілеу сол деңгейдегі барлық шамдарды өшіру немесе терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Next puzzle немесе Previous puzzle тармағын таңдау арқылы жүзеге асады.

  • Ағымдағы деңгей тақырып жолағында көрсетіледі.

Мұнда 3-деңгейге арналған Lights Off үлгісі көрсетілген.

Видео демонстрация

0:00-:--