Ойын ойнау

Жаңа ойынды бастау үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Жаңа ойын таңдаңыз. Егер сіз қазірдің өзінде ойын ойнап жатсаңыз, Hitori ағымдағы ойынды тоқтатуды сұрайды.

Ұяшықты бояу үшін оны шертіңіз; бояуды қайта алып тастау үшін оны тағы да шертіңіз. Ұяшықтар үш ереженің ешқайсысы бұзылмайтындай етіп боялғанда, ойын аяқталады және тақта енді өзгертілмейді.

Hitori сонымен қатар тақтаны шешу кезінде өзіңізге ыңғайлы болу үшін ұяшықтарды белгілеуге мүмкіндік береді. Бұған Ctrl немесе Shift пернелерін басып тұрып, ұяшықты шерту арқылы қол жеткізуге болады. Олардың екеуі ұяшықтарды әртүрлі белгілейді және ұяшықтарды бір уақытта екі тәсілмен де белгілеуге болады. Белгіленген ұяшықтарды Ctrl немесе Shift пернелерін қайтадан басып тұрып, оларды тағы да шерту арқылы белгісін алып тастауға болады.

Жүрісті болдырмау немесе қайталау үшін тақырыптама жолағындағы Болдырмау немесе Қайталау батырмасын басыңыз. Сіз кез келген жүрістер санын шектеусіз болдырмай немесе қайталай аласыз.

Қай ұяшықтарды бояу керектігі туралы кеңес алу үшін тақырыптама жолағындағы Кеңес батырмасын басыңыз. Ұяшық жыпылықтаған қызыл жиекпен көрсетіледі. Бұл ұяшықтың ағымдағы күйі (боялған немесе боялмаған) қате екенін және ойында жеңіске жету үшін оны өзгерту керектігін білдіреді.