Hitori ойыны
Hitori — танымал Sudoku ойынына ұқсас шағын логикалық басқатырғыш. Ойында ойыншы сандардан тұратын шаршы тақтадан бастайды және әр жол мен бағанда қайталанатын сандар қалмағанша ұяшықтарды бояп шығуы керек. Келесі ережелер іске асырылады:
Әр жол мен бағандағы боялмаған ұяшықтарда әр саннан тек біреуден ғана болуы керек.
Боялған ұяшықтар вертикалды немесе горизонталды түрде бір-біріне іргелес болмауы керек.
Барлық боялмаған ұяшықтар вертикалды және горизонталды түрде бір топқа біріктірілуі керек.
Бұл ойынның жалғыз үш ережесі, сондықтан Hitori басқатырғыш тақтасының бірнеше шешімі болуы әбден мүмкін.
