GNOME Tetravex ойынында жеңу
Келесі кеңестер жеңіске кепілдік бермейді, олар тек көмек ретінде ұсынылады.
Жеке санды іздеңіз
Жаңа ойынды бастаған кезде жеке санды немесе қасына қоюға болатын ұқсас сандары жоқ санды іздеңіз.
Егер сізде сондай сан болса, ол бөлшектің қайда орналасуы керектігін білетіндіктен, ол бастауға жарамды бөлшек болып табылады.
Тақта өлшемі неғұрлым үлкен болса, ондай санды табу соғұрлым қиын болатынын ескеріңіз.