GNOME Tetravex ойнау
Негізгі қолданылуы
Ойын терезесі екі қорапқа бөлінген: терезенің оң жағындағы қорапта реттелуі тиіс бөлшектер бар; терезенің сол жағындағы қорап — оң жақ қораптағы бөлшектер реттеліп жылжытылатын орын. Әрбір бөлшек сан жазылған төрт кішкентай үшбұрышқа бөлінген.
Ойынның мақсаты — бөлшектерді тек екі бірдей сан бір-біріне көрші болатындай етіп орналастыру.
Әртүрлі сандар бір-біріне көрші болатындай етіп бөлшектерді орналастыру мүмкін емес.
Барлық бөлшектерді дұрыс орындарына орналастырған кезде ойын аяқталады.
GNOME Tetravex іске қосылғанда ойын бірден басталады және уақытты санау жүреді.
Видео демонстрация
Бұл қысқа видео ойынның қалай жұмыс істейтінін және қандай жылжытулар жасауға болатынын көрсетеді.
0:00-:--
Бөлшектерді оңнан солға қарай сүйреңіз, көршілес жиектердегі сандар мен түстердің бірдей екеніне көз жеткізіңіз.
Барлық орналастырылған бөлшектерді бірден жылжыту үшін Ctrl пернесін басып тұрып, бағдарша пернелерін басыңыз.
Бөлшектердің барлығы сол жақта бір-біріне сәйкес келгенше сүйреуді жалғастырыңыз.