Ойын тақтасының өлшемі

Ойынның күрделілігін арттыру немесе азайту мақсатында ойын тақтасының өлшемін өзгерту үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Өлшем тармағын, содан кейін тақта өлшемін таңдаңыз.

2×2-ден 6×6-ға дейінгі бес түрлі өлшемді таңдауға болады. Бастапқы өлшем — 3×3.

Егер бөлшектер тым кішкентай болса, терезе өлшемін өзгерту олардың өлшемін де өзгертеді.