Жаңа қала сағатын қосу
Қаладағы күндізгі немесе түнгі уақытты көру үшін оны дүниежүзілік сағаттарыңызға қосыңыз. Сондай-ақ, сіз қосылған әрбір қала үшін күннің шығу және бату уақытын тексеріп отыра аласыз.
Әлем батырмасын басыңыз.
Жаңа қаланы қосу үшін + батырмасын немесе Ctrl+N пернелерін басыңыз.
Іздеу өрісіне қала атын жаза бастаңыз.
Тізімнен тиісті қаланы немесе өзіңізге ең жақын орналасқан жерді таңдаңыз.
Қаланы қосуды аяқтау үшін Қосу батырмасын басыңыз.
Егер қалаңыз тізімде жоқ болса, ол қазіргі уақытта қолжетімсіз болуы мүмкін. Оның орнына ең жақын орналасқан үлкен қаланы немесе еліңіздің астанасын қосып көріңіз.
Интернетке қосылған кезде ағымдағы орналасқан жеріңіздің сағаты дүниежүзілік сағаттарыңызға автоматты түрде қосылады. Егер интернеттен ажыратылсаңыз, ол көрсетілмейді және компьютеріңізді басқа қалаға апарсаңыз, ол автоматты түрде жаңартылады.