Оятқышты қосу
Аптаның белгілі бір күндеріне оятқыш қосуға болады. Ол Сағаттар қолданбасы ашық па, жоқ па, соған қарамастан іске қосылады.
Оятқыштар батырмасын басыңыз.
+ батырмасын басыңыз.
Оятқыш іске қосылатын уақытты орнатыңыз.
Оятқыш орнатылған уақытта қайталанатын күндерді таңдаңыз, немесе оятқыш тек бір рет іске қосылсын десеңіз, ештеңе таңдамаңыз.
Жаңа оятқышты оңай анықтау үшін оған ат беруге болады.
Оятқышты қосуды аяқтау үшін Қосу батырмасын басыңыз.
Егер оятқышты біраз уақыт қолданғыңыз келмесе, оны уақытша сөндіруге болады.
Егер компьютеріңіз сөніп тұрса, оятқыш іске қосылмайды.