Аударуға көмектесу
GNOME ойындарының пайдаланушы интерфейсі мен құжаттамасы бүкіл әлемдегі еріктілер қауымдастығымен аударылуда. Қатысуыңызға болады.
Аудармалары әлі де қажет көптеген тілдер бар.
Аударманы бастау үшін тіркелгі жасап, өз тіліңіздің аудару тобына қосылуыңыз керек. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салуға мүмкіндік береді.
GNOME аудармашыларымен Matrix-тегі #i18n:gnome.org немесе irc.libera.chat желісіндегі #gnome-i18n арнасында сөйлесе аласыз. Арнадағы адамдар бүкіл әлемде орналасқан, сондықтан уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты бірден жауап ала алмауыңыз мүмкін.
Балама ретінде Халықаралықтандыру тобымен GNOME Discourse арқылы байланыса аласыз.