Қалай ойнау керек

Ақ фигураларды басқаратын ойыншы бірінші болып жүреді. Жүргіңіз келетін фигураны шертіңіз. Егер Жүріс бойынша кеңестер іске қосылған болса, фигураны жылжытуға болатын өрістерде таңдалған фигура мөлдір түрде көрсетіледі. Фигураны жылжытқыңыз келетін өрісті шертіңіз. Осыдан кейін қарсыластың кезегі келеді.

GNOME Chess іске қосылғанда төменде көрсетілгендей негізгі ойын терезесі ашылады.

GNOME Chess негізгі терезесі

Негізгі ойын терезесі үш негізгі аймақтан тұрады:

  • Тақырыптама жолағында соңғы жүрісті (жүрістерді) болдырмауға және ойынды аялдатуға болады, ал терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасы арқылы Жаңа ойын бастауға, ойынды сақтауға және жалғастыруға, сондай-ақ берілуге болады.

  • Терезенің ортасында шахмат тақтасы орналасқан, онда ойын фигураларды тышқан көмегімен жылжыту арқылы ойналады.

  • Төменде ойын тарихы панелі көрсетілген және ол артқа қайтуға мүмкіндік береді, ашылатын мәзірде жасалған жүрістердің тарихы тізімделеді, ал оң жақта әр ойыншы үшін қалған жүріс уақыты көрсетіледі.