Мәселе туралы хабарлау
GNOME Chess еріктілер қауымдастығымен қолданылады. Қатысуыңызға болады. Егер мәселені байқасаңыз, қате туралы есепті жібере аласыз. Қате туралы хабарлау үшін https://gitlab.gnome.org/GNOME/gnome-chess/issues/ адресіне өтіңіз.
Бұл — пайдаланушылар мен әзірлеушілер қателер, апаттар туралы мәліметтерді жібере алатын және жақсартуларды сұрай алатын қателерді бақылау жүйесі.
Қатысу үшін сізге қол жеткізуге, қателерді жіберуге және пікір қалдыруға мүмкіндік беретін тіркелгі қажет. Сондай-ақ, қатеңіздің күйі туралы электрондық пошта арқылы жаңартуларды алу үшін тіркелуіңіз керек. Егер сізде тіркелгі болмаса, оны жасау үшін Жаңа тіркелгі сілтемесін шертіңіз.
Тіркелгіңіз болған соң, жүйеге кіріп, New issue батырмасын шертіңіз. Қате туралы хабарламас бұрын, қате жазу нұсқаулығын оқыңыз және қате бұрыннан бар-жоғын білу үшін оны шолыңыз.
Егер сіз жаңа мүмкіндікті сұрасаңыз, Labels мәзірінен 1. Feature таңдаңыз. Тақырыбы мен Сипаттамасы бөлімдерін толтырып, Submit Issue батырмасын шертіңіз.
Сіздің есебіңізге ID нөмірі беріледі және ол қаралған сайын оның күйі жаңартылып отырады.