Ұпайлар

Four-in-a-row ойынындағы ұпайлар сіздің жеңістеріңіз, қарсыласыңыздың жеңістері және тең аяқталған ойындар негізінде есептеледі. Ұпайларды тексеру үшін жоғарғы тақтадағы бағыттауыш пен ойнайтын түсті көрсететін немесе Аяқталды! деп жазылған батырманы басып, Ұпайлар опциясын таңдаңыз. Бастапқы темада:

  • Қызыл сіз жеңген ойындар санын көрсетеді.

  • Жасыл қарсылас жеңген ойындар санын көрсетеді.

  • Тең тең аяқталған ойындар санын көрсетеді.

  • Егер сіз қарсылас ретінде компьютерді таңдасаңыз, онда оның орнына Сіз және Мен белгілерін көресіз.

Ұпайлар есептегішін нөлге түсірмеу үшін Жаңа ойын батырмасын баспай, жоғарғы тақтадағы бағыттауыш пен ойнайтын түсті көрсететін немесе Аяқталды! деп жазылған батырманы басып, Келесі раунд опциясын таңдаңыз.