Ойын алаңының сыртқы түрін өзгерту
Жаңа ойынды бастаған кезде шарлардың стилі мен түстерін өзгертуге болады.
Басқа теманы қолдану үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Сыртқы түрі опциясын таңдаңыз.
Өзіңізге ұнаған теманы таңдаңыз. Өзгеріс ойын терезесінде дереу көрінеді.
Мәзірден тыс шерту арқылы мәзірді жабыңыз.