Басқа қарсыласты таңдау
Үнсіз келісім бойынша, Four-in-a-row ойынындағы қарсыласыңыз — жеңіл деңгейде ойнайтын компьютер.
Деңгейді өзгерту немесе доспен ойнау үшін:
Жоғарғы тақтадағы Жаңа ойын батырмасын басыңыз.
-
Досыңызбен немесе отбасы мүшесімен ойнағыңыз келсе, Ойыншылар бөлімінде екі ойыншы үшін де Екеу опциясын таңдаңыз.
Сонымен қатар, компьютер ойнайтын Қиындық деңгейін таңдауға болады. Оңай, Орташа немесе Қиын деңгейлерінің бірін таңдаңыз.
Сондай-ақ, Ойынның басталуы бөлімінде бірінші немесе екінші болып ойнауды таңдауға болады.
Егер сіз доспен немесе отбасы мүшесімен ойнасаңыз, Four-in-a-row ойынының алғашқы раундында бірінші болып бірінші ойыншы ойнайды. Кейінгі ойындарда бірінші болып ойнау кезегі әр ойыншыға кезекпен беріледі. Сонымен, екінші ойында екінші ойыншы, үшінші ойында бірінші ойыншы бірінші болып ойнайды және т.с.с.