Ойынды сәл жеңілдету

Соңғы жүрісті өзгерту

Соңғы жүрісіңіздің кесірінен компьютер жеңіске жететін болса немесе кездейсоқ қате жүріс жасасаңыз, соңғы жүрісті болдырмауға және оны өзгертуге болады. Соңғы жүрісті болдырмау үшін жоғарғы тақтадағы бағыттауыш пен ойнайтын түсті көрсететін немесе Аяқталды! деп жазылған батырманы басып, Соңғы жүрісті болдырмау опциясын таңдаңыз немесе Ctrl+Z пернелерін басыңыз. Енді жүрісті өзгерту үшін шарды ойын алаңындағы басқа қатарға тастауға болады.

Ctrl+Z пернелерін қайталап басу арқылы, ағымдағы жүрістен бастап ойынның қолайлы күйіне жеткенше немесе ағымдағы ойынның басына дейін барлық жүрістерді болдырмауға болады.

Тұспалдарды қолдану

Келесі жүрісіңізге сенімді болмасаңыз, тұспалды қолдануға болады. Тұспалды қолданғанда, шар стратегиялық тұрғыдан ең жақсы таңдау болып табылатын бағанның жоғарғы жағына жылжып, жыпылықтайды. Содан кейін шарды сол бағанға тастауға болады. Тұспалды қолдану үшін жоғарғы тақтадағы бағыттауыш пен ойнайтын түсті көрсететін немесе Аяқталды! деп жазылған батырманы басып, Тұспал опциясын таңдаңыз немесе Ctrl+H пернелерін басыңыз.

Бір ойында қолдануға болатын тұспалдар санына шектеу жоқ.