Негіздері

Судокуды пернетақта, тышқан немесе екеуінің кез келген үйлесімі арқылы ойнауға болады.

Пернетақтаны қолдану

  • Ұяшықты таңдау үшін бағдарша пернелерін пайдаланып, оның үстіне көк жиекті жылжытыңыз.

  • Ұяшыққа сан енгізу үшін ұяшықты таңдап, содан кейін санды басыңыз.

  • Ұяшықтан санды өшіру үшін ұяшықты таңдап, Delete, Backspace немесе 0 пернесін басыңыз.

Тышқанды қолдану

  • Ұяшықты таңдау үшін тышқанды оның үстіне апарып, шертіңіз.

  • Таңдалған ұяшыққа сан қою үшін ұяшықтың ортасына шертіп, содан кейін енгізгіңіз келетін санды шертіңіз.

  • Таңдалған ұяшықтан санды өшіру үшін ұяшықтың ортасына шертіп, содан кейін Тазарту батырмасын шертіңіз.