Мәселе туралы хабарлау
GNOME Sudoku бағдарламасын еріктілер қауымдастығы қолдайды. Сіз де қатыса аласыз. Егер мәселені байқасаңыз, қате туралы есеп жібере аласыз. Қате туралы хабарлау үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://gitlab.gnome.org/GNOME/gnome-sudoku/issues/.
Бұл — пайдаланушылар мен әзірлеушілер қателер, апаттар туралы мәліметтерді жібере алатын және жақсартуларды сұрай алатын қателерді бақылау жүйесі.
Қатысу үшін сізге тіркелгі қажет, ол сізге қол жеткізуге, қателерді жіберуге және пікір қалдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қатеңіздің күйі туралы жаңартуларды электрондық пошта арқылы алу үшін тіркелуіңіз керек. Егер тіркелгіңіз жоқ болса, оны жасау үшін Кіру / Тіркелу сілтемесін шертіңіз.
Тіркелгіңіз болған соң, жүйеге кіріп, Жаңа мәселе батырмасын шертіңіз. Қате туралы хабарламас бұрын, қате жазу нұсқаулығын оқып шығыңыз және қате бұрыннан бар-жоғын білу үшін оны шолыңыз.
Егер сіз жаңа мүмкіндікті сұрасаңыз, Labels мәзірінен 1. Feature таңдаңыз. Тақырыбы мен Сипаттамасы бөлімдерін толтырып, Submit Issue шертіңіз.
Сіздің есебіңізге ID нөмірі беріледі және оның күйі мәселе шешілген сайын жаңартылып отырады.