Аудармаға көмектесу
GNOME ойындарының пайдаланушы интерфейсі мен құжаттамасын бүкіл әлемдегі еріктілер қауымдастығы аударады. Сіз де қатыса аласыз.
Әлі де аударманы қажет ететін көптеген тілдер бар.
Аударуды бастау үшін сізге тіркелгі жасау және өз тіліңіздің аударма тобына қосылу қажет болады. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салу мүмкіндігін береді.
GNOME аудармашыларымен Matrix желісіндегі #i18n:gnome.org арнасында немесе irc.libera.chat желісіндегі #gnome-i18n арнасында сөйлесе аласыз. Арнадағы адамдар дүние жүзі бойынша орналасқан, сондықтан уақыт белдеуінің айырмашылығына байланысты бірден жауап ала алмауыңыз мүмкін.
Балама ретінде, GNOME Discourse арқылы Интернационализация тобымен байланысуға болады.