Ойын ережелері

Миналар ойынының мақсаты — бірде-бір минаны жармай, мина алаңын тазарту.

  1. Үш бастапқы алаң өлшемінің бірін таңдаудан немесе балама алаңды таңдаудан бастаңыз.

  2. Ойын басталғанда алаң торкөздермен жабылған болады. Кез келген торкөзді ашу үшін оны шертіңіз. Сіз келесілерді аша аласыз:

    • Түрлі-түсті сан, ол іргелес торкөздердегі миналар санын білдіреді. Бұл миналардың қайда екенін анықтауға көмектеседі, осылайша сіз оларды жалаушалармен белгілей аласыз.

    • Бос торкөз, бұл көршілес торкөздердің астында мина жоқ екенін білдіреді.

    • Мина, ол жарылып, ойынды аяқтайды.

  3. Астында минасы жоқ барлық торкөздерді ашқанша алдыңғы қадамды қайталаңыз.

Егер ойынды тез аяқтасаңыз, сіз үздік нәтижелер тізіміне қосыласыз.